ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07. 2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 236 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесінде (бұдан әрі – Әдістеме):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай цифрлық жүйе (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін цифрлық жүйелерде жүргізіледі.
Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген құрылымдық бөлімше (адам), соның ішінде цифрлық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам бекітетін бағалау кестесін жасайды.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметінде, сондай-ақ техникалық мүмкіндік болған кезде цифрлық жүйеде сақталады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. НМИ-ды бағалаушы адаммен стратегиялық жоспарлау мәселесін үйлестіретін құрылымдық бөлімшенің (бар болған жағдайда), сондай-ақ персоналды басқару қызметінің келісімімен осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағаланатын кезең басталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жасалатын құрылымдық бөлімше басшысының жеке жұмыс жоспарында белгіленеді.
Қызметші бағалау кезеңі басталғаннан кейін тағайындалған жағдайда НМИ лауазымға тағайындалған күннен бастап он жұмыс күн ішінде белгіленеді.
Егер қызметшінің тағайындалған күнінен бастап бағалау кезеңінің соңына дейінгі мерзім үш айдан аз болса, аталған қызметшіге НМИ белгіленбейді.
Құрылымдық бөлімше басшысының НМИ қол жеткізуін бағалауды бағалаушы адам 4-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізеді.
Бұл ретте, мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында персоналды басқару қызметі стратегиялық жоспарлау мәселесін үйлестіретін құрылымдық бөлімшенің келісімімен (бар болған жағдайда) НМИ-дің нақты мәндеріне алдын ала есептеу жүргізеді және оны осы Әдістеменің 4-тармағына сәйкес бағалау мерзімінің соңғы күніне дейінгі бес жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде цифрлық жүйе арқылы бағалаушы адамға жолдайды.";
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Цифрлық жүйе немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметі құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысын оған қатысты бағалауды өткізу туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
27. Цифрлық жүйемен немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметі ресімделген бағалау парағын бағалаушы адамға қарау үшін жолдайды.
Ұсынылған материалдарды қарау қорытындылары бойынша бағалаушы адам осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында (0-ден 5-ке дейін) баға қояды.
Бағаларды қою кезінде бағалаушы адам осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мақсатты индикаторды іске асыру пайызына қарай жол берілетін бағаны айқындау кестесін пайдаланады.";
29, 30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"29. "Б" корпусының қызметшілерін саралау әдісі бойынша бағалауды құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органда жұмыс істейтін цифрлық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) жүзеге асырады. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.
30. Цифрлық жүйе немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметі "Б" корпусының қызметшісін оған қатысты бағалау жүргізілетіні туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей хабардар етеді.
31. Цифрлық жүйе арқылы немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметімен бағалаушы адамға бағалау парағы жіберіледі.
Бағалаушы адам осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында баға (0-ден 5-ке дейін) қояды.
Егер құрылымдық бөлімшенің "Б" корпусы қызметшілерінің саны елу адамнан асқан жағдайда, бағалауды бағалаушы адам айқындайтын адамдар жүзеге асырады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. 360 әдісі бойынша бағалау жылына бір рет цифрлық жүйеде жасырын жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, "Б" корпусының қызметшілері осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 360 әдісімен бағалаудан өтеді.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Сауалнамаға қатысатын адамдардың саны әрбір бағаланатын адам үшін цифрлық жүйемен немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметі дербес анықтайтын үш адамнан кем болмауы және жеті адамнан артық болмауы тиіс.
Қызметшіні 360 әдісімен бағалауда оның өзін-өзі бағалауы да көзделген.
Бұл ретте қорытынды бағалауда өзін-өзі бағалау ескерілмейді.
Сауалнама алынатын адамдардың қатарына:
1) тікелей басшы;
2) бағаланушы адамға тікелей бағынатын "Б" корпусының қызметшісі;
3) лауазымы бойынша бағаланатын адаммен бір деңгейде және олармен өзара іс-қимыл жасайтын адамдар кіреді.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді.
Калибрлеу сессиясының қатысушылары бағалаушы адамның бағасын қолдауы немесе бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін.
Бағалауды түзетулер жоғарылату жағына да, төмендету жағына да енгізілуі мүмкін.
Қорытынды баға калибрлеу сессиясы қатысушыларының басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметі хаттаманы қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде цифрлық жүйеде (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастыруды қамтамасыз етеді.";
көрсетілген Әдістеменің 1 – қосымшасы осы бұйрыққа 1 – қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Әдістеменің 2 – қосымшасы осы бұйрыққа 2 – қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Әдістеменің 4 – қосымшасы осы бұйрыққа 3 – қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Әдістеменің 5 – қосымшасы осы бұйрыққа 4 – қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Әдістеменің 6 – қосымшасы осы бұйрыққа 5 – қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Әдістеменің 7 – қосымшасы осы бұйрыққа 6 – қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Әдістеменің 8 – қосымшасы осы бұйрыққа 7 – қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Ертаев |
Құрылымдық бөлімше (мемлекеттік орган) басшысының жеке жұмыс жоспары
___________________________________ жыл (жеке жоспар құрылатын кезең)
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):_______________________
Қызметшінің лауазымы: ______________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: __________________________
р/с № | Нысаналы мақсатты индикатордың атауы | "А" корпусы қызметшісі келісімінің не мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатының қандай көрсеткішінен туындайды | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Қол жеткізу мерзімі | Түпкілікті нәтиже | ||||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | |||||
Ескертпе: нысаналы мақсатты индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
| Бұйрыққа 2-қосымша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша Нысан |
Нысаналы мақсатты индикатор бойынша бағалау парағы
____________________(бағаланатын адамның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), лауазымы)
___________________________________________________ (бағаланатын кезең)
р/с № | Нысаналы мақсатты индикатордың атауы (бұдан әрі-НМИ) | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Нақты мәні | ||||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | |||
1. | ||||||||||
2. | ||||||||||
3. | ||||||||||
Кестенің жалғасы
Нысаналы мақсатты индикатордың пайыздық іске асуы | Бағалау | ||||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан |
Қорытынды бағалау _______________
НМИ санына бөлінген НМИ бойынша бағалау сомасы
Бағалау нәтижесі: ________________________________________________
(функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады)
Қызметшінің бағалау нәтижесі қорытынды бағаның негізінде қойылады
| Бұйрыққа 3-қосымша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша Нысан |
Саралау әдісі бойынша бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________
Бағалайтын қызметшінің (құрылымдық бөлімше/мемлекеттік орган басшысының)
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
__________________________________________________________________________
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша саралау әдісімен бағалауды ұсынамыз.
Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет.
Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз.
Параметрлер | Өлшемшарттар | Бағалау (1-ден 5 баллға дейін) | Түсініктемелер |
1. Функционалдық міндеттерді орындау сапасы* | Негізделген ескертулердің, қайтарулардың, шағымдардың болмауы | ||
2. Міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау | Құжаттарды, тапсырмаларды, міндеттерді орындау мерзімдерінің бұзылмауы | ||
3. Дербестік және бастамашылық. | Қызметшінің дербестіктің жоғары үлесімен функционалдық міндеттерді орындау қабілеті. Мемлекеттік органның қызмет саласын жақсартуға бағытталған пысықталған тәсілдерге, ұсыныстарға бастамашылық жасау. Мемлекеттік органның міндеттерін шешуге белсенділік және қатысу. | ||
4. Еңбек тәртібін сақтау | Кешігудің, себепсіз жұмыстан мерзімінен бұрын шығудың болмауы, тәртіптік жазалардың және қызметтік әдепті бұзушылықтардың болмауы | ||
Орташа қорытынды баға | |||
Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек.
Бағалау нәтижесі: _________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады).
Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады.
Қойылған бағаға негіздеме ___________________
| Бұйрыққа 4-қосымша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 5-қосымша Нысан |
Құрылымдық бөлімшелер басшыларының 360 әдісімен бағалау парағы
Құрылымдық бөлімше басшысының Т. А. Ә. (ол болған жағдайда)___________________
Құрметті респондент!
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сіздерге өз әріптестеріңізді 360 әдісімен бағалауды ұсынамыз.
Ескертпе: 360 әдісі - бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобынан сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі.
Бұл әдіс Сіздің әріптесіңізге өзінің күшті және әлсіз жақтарын жақсы түсінуге, одан әрі өсу мен даму әлеуетін көруге көмектеседі.
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірін көрсету қажет (құзыреттілік көрінбейді, құзыреттілік сирек кездеседі, құзыреттілік жағдайлардың жартысына жуығында көрінеді, құзыреттілік көп жағдайда көрінеді, құзыреттілік әрдайым көрінеді).
Бағалауды объективті түрде, жеке ұнатусыз/ұнатпаусыз қою керек. Анонимділік пен құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстығын арттыра аласыз.
Р/с | Құзыреттердің атауы | Құзыреттер бойынша сұрақтар | Жауаптар |
1 | Қызметті басқару | Стратегиялық мақсаттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді | |
Бөлімшенің қойылған міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттайды және жағдай жасайды | |||
Басымдық бере отырып, бөлімшенің жұмысын тиімді ұйымдастырады | |||
Қызметті басқару бойынша орташа баға | |||
2 | Тиімді коммуникацияларды құру | Өз қызметін әріптестерімен үйлестіре алады, коммуникацияларға ашық, іскерлік ынтымақтастыққа дайындық танытады, қажет болған жағдайда әріптестеріне көмектеседі | |
Жанжалдарды ортақ іс үшін пайдамен шеше алады, бұл ретте өз көзқарасын дәлелді жеткізеді және әріптестерінің пікірін ескереді | |||
Мүдделі тараптармен топтың/команданың / тиімді жұмысын құрады | |||
Тиімді коммуникацияларды құру бойынша орташа баға | |||
3 | Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану | Ұйымдағы өзгерістерге оң көзқараспен қарайды | |
Өзгерген жағдайға сәйкес өз әрекеттерінің тактикасын бейімдейді, сәтсіздіктің себептерін талдайды және тәсілдерді немесе стратегияларды өзгертеді | |||
Қызметкерлердің бастамаларын қолдайды және көтермелейді | |||
Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану бойынша орташа баға | |||
4 | Өзгерістерді басқару | Ұйымдағы өзгерістерге оң көзқараспен қарайды | |
Өзгерген жағдайға сәйкес өз әрекеттерінің тактикасын бейімдейді, сәтсіздіктің себептерін талдайды және тәсілдерді немесе стратегияларды өзгертеді | |||
Қызметкерлердің бастамаларын қолдайды және көтермелейді | |||
Өзгерістерді басқару бойынша орташа баға | |||
5 | Нәтижеге бейімделу | Күрделі мақсаттар қояды және оларға қол жеткізеді | |
Тапсырмаларды орындау үшін қосымша күш жұмсайды | |||
Нәтижеге жету үшін жауапкершілікті өз мойнына алады | |||
Нәтижеге бағдар бойынша орташа баға | |||
6 | Дербестік және шешім қабылдау дағдылары | Мүмкіндіктерді, тәуекелдерді талдай алады, сондай-ақ ресурстарды есептей және жоспарлай алады | |
Белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете алады | |||
Ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше нұсқасын ұсынады | |||
Дербестік және шешім қабылдау дағдылары бойынша орташа баға | |||
7 | Команданы басқару | Ешқашан адамдарға тәуелді емес, әрқашан жеке ұнату немесе ұнатпаудан аулақ бола алады | |
Өзара әрекеттесу және ынталандыру кезінде бағыныштының даралығын анықтай және ескере алады | |||
Команданы шабыттандыра және ынталандыра алады | |||
Команданы басқару бойынша орташа баға | |||
8 | Көшбасшылық қасиеттер | Ынта мен талантты, өз-өзіне деген сенімді көрсетеді | |
Харизматикалық тұлға, бағыныштыларды ынталандыру үшін өзінің тұлғалық күшін пайдаланады | |||
Қызметкерлерді ынталандыруға дайын, көтермелеу мен сөгіс арақатынасын сауатты таңдайды | |||
Көшбасшылық қасиеттер бойынша орташа баға | |||
9 | ынтымақтастық | Қызметкерлерді құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл құруға бағыттайды | |
Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін әрбір қызметкердің әлеуетін пайдаланады | |||
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жоспарларды іске асырады және ортақ нәтижелерге қол жеткізеді | |||
Ынтымақтастық бойынша орташа бағалау | |||
10 | жеделділік | Ұжымға жаңа басымдықтарды уақтылы жеткізеді | |
Өзгерістерге уақтылы әрекет ету үшін тиімді шараларды әзірлейді | |||
Бөлімшені тиімді басқарады және ішкі және сыртқы өзгерістермен нәтижеге қол жеткізеді | |||
Жеделділік бойынша орташа баға | |||
11 | Өзін-өзі дамыту | Перспективалы қызметкерлерді ілгерілету бойынша ұсыныстарды анықтайды және енгізеді | |
Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдайды | |||
Өз мысалында өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді | |||
Өзін-өзі дамыту бойынша орташа баға | |||
12 | бастамашылық | Қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдерді енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарайды және әзірлейді | |
Қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдерді енгізу бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді | |||
Мемлекеттік органның қызметін жетілдіру үшін жобаларға бастамашылық етеді | |||
Бастамашылық бойынша орташа бағалау | |||
Ескертпе: Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірі көрсетіледі:
құзырет көрінбейді;
құзырет сирек көрінеді;
құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді;
құзырет көп жағдайда көрінеді;
құзырет әрқашан көрінеді.
Орташа баға баллдарды қосу және әр құзырет бойынша респонденттердің жауаптарының санына бөлу арқылы автоматты режимде есептеледі.
| Бұйрыққа 5-қосымша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 6-қосымша Нысан |
"Б" корпусы қызметшілерін 360 әдісімен бағалау парағы
Бағаланатын қызметкердің Т.А.Ә (ол болған жағдайда) _______________________________________
Құрметті респондент!
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сіздерге өз әріптестеріңізді 360 әдісімен бағалауды ұсынамыз.
Ескертпе: 360 әдісі - бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобынан сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі.
Бұл әдіс Сіздің әріптесіңізге өзінің күшті және әлсіз жақтарын жақсы түсінуге, одан әрі өсу мен даму әлеуетін көруге көмектеседі.
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірін көрсету қажет (құзырет көрінбейді; құзырет сирек көрінеді; құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді; құзырет әрқашан көрінеді).
Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Анонимділік пен құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай дереу толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстығын арттыра аласыз.
р/с | Құзыреттердің атауы | Құзыреттер бойынша сұрақтар | Жауаптар |
1 | Тиімді коммуникациялар құру | Өз қызметін әріптестерімен үйлестіре алады, коммуникацияларға ашық, іскерлік ынтымақтастыққа дайындық танытады, қажет болған жағдайда әріптестеріне көмектеседі | |
Жанжалдарды ортақ іс үшін пайдамен шеше алады, бұл ретте өз көзқарасын дәлелді жеткізеді және әріптестерінің пікірін ескереді | |||
Мүдделі тараптармен топтың/команданың / тиімді жұмысын құрады | |||
Тиімді коммуникацияларды құру бойынша орташа баға | |||
2 | Әдеп нормаларын және қағидаларын ұстану | Әдеп кодексіне сәйкес барлық жағдайларда әдеп мінез-құлық ережелерін қатаң сақтайды | |
Парасаттылық, шынайылық, тілектестік, әріптестер мен мүдделі тараптарға сыйластық қағидаттарын ұстанады | |||
Стресстік жағдайда өзін ұстай алады, шешім іздейді және табады | |||
Әдеп нормаларын және қағидаларын ұстану бойынша орташа баға | |||
3 | Өзгерістерді басқару | Ұйымдағы өзгерістерге оң көзқараспен қарайды | |
Өзгерген жағдайға сәйкес өз әрекеттерінің тактикасын бейімдейді, сәтсіздіктің себептерін талдайды және тәсілдерді немесе стратегияны өзгертеді | |||
Қызметкерлердің бастамаларын қолдайды және көтермелейді | |||
Өзгерістерді басқару бойынша орташа баға | |||
4 | Нәтижеге бейімделу | Күрделі мақсаттар қойып, оларға қол жеткізеді | |
Тапсырмаларды орындау үшін қосымша күш жұмсайды | |||
Нәтижеге қол жеткізу үшін жауапкершілікті өзіне алады | |||
Нәтижеге бейімделу бойынша орташа баға | |||
5 | Дербестік және шешім қабылдау дағдылары | Мүмкіндіктерді, тәуекелдерді талдай алады, сондай-ақ ресурстарды есептей және жоспарлай алады | |
Белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете алады | |||
Ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше нұсқасын ұсынады | |||
Дербестік және шешім қабылдау дағдылары бойынша орташа баға | |||
6 | Ынтымақтастық | Ұжымның жұмысына үлес қосады және қажет болған жағдайда тәжірибелі әріптестеріне түсініктеме алуға жүгінеді | |
Әріптестермен және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимылды дамытады | |||
Пікір алмасады және талқылауды ескере отырып тапсырмаларды орындайды | |||
Ынтымақтастық бойынша орташа баға | |||
7 | Жеделділік | Жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді | |
Жаңа тәсілдерді және оларды енгізу тәсілдерін зерттейді | |||
Өзгермелі жағдайларда тез бейімделеді | |||
Жеделділік бойынша орташа баға | |||
8 | Өзін-өзі дамыту | Жаңа білім мен технологияларға қызығушылық танытады | |
Өзін-өзі дамытуға ұмтылады, жаңа ақпарат пен оны қолдану тәсілдерін іздейді | |||
Тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа дағдыларды іс жүзінде қолданады | |||
Өзін-өзі дамыту бойынша орташа баға | |||
Ескертпе: Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірі көрсетіледі:
құзырет көрінбейді;
құзырет сирек көрінеді;
құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді;
құзырет көп жағдайда көрінеді;
құзырет әрқашан көрінеді.
Орташа баға баллдарды қосу және әр құзырет бойынша респонденттердің жауаптарының санына бөлу арқылы автоматты режимде есептеледі.
| Бұйрыққа 6-қосымша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 7-қосымша Нысан |
Қызметшіні 360 градус әдісімен бағалау нәтижесі (құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін) (құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін)
Құрылымдық бөлімше басшысының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)_______________________
Р/с | Құзырет | Құзыреттер бойынша орташа қорытынды баға | Паутинка |
1 | Қызметті басқару | ||
2 | Тиімді коммуникацияларды құру | ||
3 | Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану | ||
4 | Өзгерістерді басқару | ||
5 | Нәтижеге бағдарлану | ||
6 | Дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары | ||
7 | Топты басқару | ||
8 | Көшбасшылық қасиеттер | ||
9 | Ынтымақтастық | ||
10 | Жеделділік | ||
11 | Өзін-өзі дамыту | ||
12 | Бастамашылдық |
Ескертпе: Әрбір құзырет бойынша бағалаудың орташа қорытынды нәтижелерін есептеу әрбір респонденттің баллдарын қосу және респонденттердің санына бөлу (өзін-өзі бағалаудан басқа) арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.
Бағалау нәтижесі: _______________________________
| Бұйрыққа 7-қосымша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 8-қосымша Нысан |
Қызметшіні 360 градус әдісімен бағалау нәтижесі ("Б" корпусының қызметшілері үшін)
Бағаланатын қызметшінің Т. А.Ә. (ол болған жағдайда)__________________________
Р/с | Құзырет | Құзыреттер бойынша орташа қорытынды баға | Паутинка |
1 | Тиімді коммуникациялар құру | ||
2 | Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану | ||
3 | Өзгерістерді басқару | ||
4 | Нәтижеге бағдарлану | ||
5 | Дербестік және шешім қабылдау дағдылары | ||
6 | Ынтымақтастық | ||
7 | Жеделділік | ||
8 | Өзін-өзі дамыту |
Ескертпе: Әрбір құзырет бойынша бағалаудың орташа қорытынды нәтижелерін есептеу әрбір респонденттің баллдарын қосу және респонденттердің санына бөлу (өзін-өзі бағалаудан басқа) арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.
Бағалау нәтижесі: ______________________________
