Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65 бабынының 3-тармағына сәйкес, Мақаншы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақаншы ауданы әкімдігінің:
1) "Абай облысы Мақаншы ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 9 маусымдағы №72 қаулысы;
2) Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 9 маусымдағы №72 "Абай облысы Мақаншы ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 тамыздағы № 88 қаулысы күші жойылды деп танылсын.
2. Мақаншы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Капчиков заңда белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Сарбаеваға жүктелсін.
| Аудан әкімі | Д. Койгельдин |
