Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарма ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 48 "Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну туралы" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2025 жылғы 27 ақпанда электронды түрде жарияланған қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Абай облысы Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Сатпековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Борсукбаев |
