Абай облысы Бесқарағай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 7 қазандағы № 216 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 5- тармақтан караңыз.

      Қазақстан Республикасы Кодексінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 529-бабының 6-тармағына (Салық кодексі), Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Бесқарағай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. "Абай облысы Бесқарағай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етілсін.

      3. Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы №361 "Бесқарағай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №384-18 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Бесқарағай ауданының әкімі Д. Қалиқан

  Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2026 жылғы "7" қазан
№ 216 қаулысына қосымша

Бесқарағай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

№
 
Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері
 
Аймаққа бөлу коэффиценті
Бесқарағай ауылдық округі

1

Бесқарағай ауылы

2,95

Глуховка ауылдық округі

2

Глуховка ауылы

1,85

3

Белокаменка ауылы

1,35

4

Бірлік ауылы

1,20

5

Стеклянка ауылы

1,35

6

Старая Крепость ауылы

1,80

Беген ауылдық округі

7

Беген ауылы

1,63

8

Беген орман шаруашылығы

0,90

Баскөл ауылдық округі

9

Баскөл ауылы

1,53

10

Бөкебай ауылы

1,25

11

Қарағайлы ауылы

1,73

Ерназар ауылдық округі

12

Ерназар ауылы

1,85

13

Коянбай ауылы

1,55

14

Морозов орман шаруашылығы

1,30

Малая-Владимировка ауылдық округі


15

Малая-Владимировка ауылы

1,80

16

Бозтал ауылы

1,25

Қарабас ауылдық округі

17

Қарабас ауылы

1,75

18

Өндіріс ауылы

1,35

Жетіжар ауылдық округі

19

Жетіжар ауылы

1,45

20

Кривинка ауылы

1,25

21

Лесной ауылы

1,10

Долон ауылдық округі

22

Долон ауылы

1,40

23

Мостик ауылы

1,56

24

Бөдене ауылы

1,55

25

Черемушка ауылы

1,10

Канонерка ауылдық округі

26

Канонерка ауылы

2,10

27

Қара-Мырза ауылы

1,40

28

Джеланды ауылы

1,60


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады