Қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала әкімдігінің "Семей қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй -жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 262 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 43-18 болып тіркелген), (әкімдіктің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 329 қаулысымен енгізілген өзгерістермен), келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген қосымшаға осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. "Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д. Т. Шаяхметова) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Рустам Ерболович Айткуловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
| Қала әкімі | А. Кожанбаев |
| Қала әкімдігінің 2026 жылғы "8" сәуірдегі № 439 қаулысына қосымша |
"Семей қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларына енгізілетін өзгерістер
1. 1- тараудың 2)тармағында:
1) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
басқарушы компания - кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй - жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі;
2. 2) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
дауыс беру - пәтерлердің, тұрғын емес үй - жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін дауыстарды санау арқылы өз пікірлерін білдіретін рәсім;
3. 3) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
пәтерлер (тұрғын емес үй - жайлар) меншік иелерінің кооперативі - кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсету үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй - жайлардың меншік иелері құрған коммерциялық емес ұйым;
4. 5) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;
5. 11) тармақшада:
"шатырлар," деген сөзден кейін "кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар,)" деген сөздермен толықтырылсын;
6. 14) тармақша алынып тасталсын;
7. 17) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
жинақтаушы жарналар - пәтерлер, тұрғын емес үй - жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы міндетті жарналары;
8. 3) тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
"Осы Қағидалар Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, реконструкциялау, қабырғаларын, шатырларын ағымдағы және күрделі жөндеу шараларына бөлінген, жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын қаржыландыруға қолданылмайды.";
9. 4) тармақшада:
"үй - жайлардан" деген сөздерден кейін "орынтұрақ орындарының, қоймалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
10. 5 - тармақта:
"үй - жайлардан" деген сөздерден кейін "орынтұрақ орындарының, қоймалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
11. 2 - тараудың 7 - тармағында:
"42-1 тармағымен" деген сөз бен сандар "42 тармағымен" сөзімен және санымен ауыстырылсын;
12. "үйдің" сөзінен кейін "немесе басқару субъектісі" деген сөздермен толықтырылсын;
13. 8 - тармақта:
"42-2 тармағымен" деген сөз бен сандар "42 - тармағымен" сөзімен және санымен ауыстырылсын;
14. 10 - тармақ алынып тасталсын;
15. 3 - тараудың 11 - тармағында:
"ТҮҚ және ТҮИ" сөздері "Бағдарлама әкімшісі" сөздерімен ауыстырылсын;
16. 4 - тараудың 17 - тармағында:
"жай серіктестіктің сенімді өкілі" деген сөздер "басқарушы, төраға," сөздерімен ауыстырылсын;
17. 18 - тармақта:
"жай серіктестіктің сенімді өкілі" деген сөздер "басқарушы, төраға," сөздерімен ауыстырылсын.
