Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 19 қазандағы № 9/48-VII "Абай облысы бойынша жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 41/273-VIII шешімі

      Абай облысы маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Абай облысы бойынша жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың Қағидаларын бекіту туралы" Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 19 қазандағы № 9/48-VII шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) аулау қызметі – жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;";

      2-тармақтың 4), 9) және 10) тармақшалары алып тасталсын;

      2-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз қалған және иесіз жануарларды, ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты адамдар берген, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) уақытша ұстауға әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;";

      2-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) иесіз жануарлар – иесі жоқ немесе үй жануарлары есебіне алынбаған иттер мен мысықтар;";

      2-тармақ келесі мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) шұғыл ден қою шаралары – адамның, жануарлардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және (немесе) адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне қатер төнуін болғызбау мақсатында жануарлардың агрессия көрсетуін дереу тоқтатуға және (немесе) оның салдарын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде әрекеттер.";

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Аулануға иесінің және (немесе) жауапты тұлғаның сүйемелдеуінсіз қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде, иесіз қалған ғимараттарда, елді мекендердің шетінде, саяжай алқаптарында және өзге де орындарда жүрген қараусыз қалған жануарлар, сондай-ақ иесіз жануарлар жатады.";

      келесі мазмұндағы 12-1 және 13-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "12-1. Шұғыл ден қою шараларын астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырады.";

      "13-1. Ауланған жануар уақытша ұстау пунктіне немесе жануарларға арналған панажайға жеткізілген кезде үй жануарларын есепке алу бұйымдарының (құралдары) болуы, сондай-ақ үй жануарларын есепке алу дерекқорында жануардың иесі және (немесе) жауапты адам туралы мәліметтердің болуы тексеріледі.";

      25-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "25. Осы Қағида шеңберінде жануарларды жансыздандыру Заңның 15-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған препараттармен, дәрі-дәрмекпен (эвтаназиямен) ізгілік жолмен жүргізіледі.";

      келесі мазмұндағы 25-1 және 25-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "25-1. Иесіз жануарлардың санын реттеу кезінде мысықтарды қоспағанда, иесіз жануарларды жансыздандыруға облыстың жергілікті өкілді органы белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жол беріледі.";

      "25-2. Жануарларға арналған панажайларға және (немесе) жануарларды уақытша ұстау пункттеріне түскен иесіз жануарларды, мысықтарды қоспағанда, егер мұндай жануарлар ауру болса, негізсіз агрессия танытса, орналастырылмаса және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер өткеннен кейін оларды иесі немесе жауапты адам, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалар талап етпесе, жансыздандыруға жол беріледі.";

      27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "27. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, иесіз жануарлардың санын уларды, химиялық препараттарды пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілдермен жансыздандыру арқылы реттеуге жол берілмейді.".

      2. "Абай облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім қабылданған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін жолдау;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Абай облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы мәслихаты төрағасының м.а. У. Майжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады