Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 208 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту

      агенттігі

  бұйрығымен бекітілген

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабы 1-1-тармағына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметке мыналар жатады:

      1) бекіре тұқымдас балық түрлерін жасанды жолмен молайту;

      2) балық өсіру материалын өткізу;

      3) бекіре тұқымдас балық түрлерінің дарақтарынан өсімді молайту мақсатында жыныстық өнімдері алынғаннан кейін оларды тірі күйінде өткізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады