Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингтің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 102 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы төрағасының 2025 жылғы 1 тамыздағы № 17-қ-қбп қаулысымен бекітілген Ветеринариялық-санитариялық, фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша дайындалған аудиторлық қорытындының 7-тармағының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 7-тармағына және 19-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлеу және іске асыру жөніндегі ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Сапаров

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2026 жылғы
№ бұйрығымен бекітілген

Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлеу және іске асыру жөніндегі ереже

1-тарау. Негізгі ережелер

      1. Осы Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлеу және іске асыру жөніндегі ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы төрағасының 2025 жылғы 1 тамыздағы № 17-қ-қбп қаулысымен бекітілген Ветеринариялық-санитариялық, фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша дайындалған аудиторлық қорытындының 7-тармағының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 7-тармағына және 19-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлеу және іске асыру кезінде қолданылады.

2-тарау. Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлеу тәртібі

      2. Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мониторингті жоспарлау:

      1) соңғы үш жылдағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мониторинг деректері;

      2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты (бұдан әрі – өндіріс объектілері) өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде анықталған жануарлардан алынатын өнімдердің (сәйкессіздіктері туралы деректерді;

      3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып және бармай жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша деректер;

      4) көршілес әкімшілік-аумақтық бірліктерде, сондай-ақ іргелес мемлекеттерде жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде анықталған тамақ өнімдерінің сәйкессіздігі туралы деректер;

      5) жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны, олардың аумақтық бөлінуі, сондай-ақ қоршаған ортаға ластаушы заттар эмиссияларының көлемі мен құрылымы туралы деректер;

      6) өткен жылғы ресми статистикалық ақпарат (шаруашылықтарда сойылған және/немесе жануарларды союға өткізілген; балық және су жануарларының басқа да түрлерін аулау; жануарлардың бір басының орташа тірі салмағы; сүт; жұмыртқа; бал өндіру);

      7) әкелінетін жануарлардан алынатын өнім (импорт) бойынша өткен жылғы ресми статистикалық ақпарат;

      8) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер болып табылмайтын) әкелінген өткен жылғы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жануарлардан алынатын өнім бойынша деректер;

      9) осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген сынамаларды іріктеу пайызы;

      10) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес топтар бойынша көрсеткіштердің түрлері.

      3. Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде алдағы жоспарланатын 3 (үш) жылға арналған тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарының жобасына (бұдан әрі – Жоспар жобасы) ұсынысты ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - ведомство) жануарлардан алынатын өнімнің түрін және жануарлардан алынатын өнімнің сынамаларын алу санын көрсете отырып, оларды шығу тегі бойынша отандыққа және импорттыққа (Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген) бөле отырып жасайды және ағымдағы жылдың 15 қаңтарына дейін жинақтау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшесі ведомствоға жинақтау үшін ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың алдағы жоспарланатын 3 (үш) жылға арналған Жоспарларының жобаларын жануарлардан алынатын өнімнің түрін және жануарлардан алынатын өнімнің сынамаларын алу санын көрсете отырып, оларды шығу тегі бойынша отандыққа және импорттыққа (Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген) бөле отырып жібереді.

      4. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері осы Ереженің 2-тармағында және осы Ереженің 3-тармағына сәйкес ұсынылған алдағы жоспарланатын 3 (үш) жылға арналған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер Жоспарының жобасында көзделген негіздер бойынша жануарлардан алынатын өнімнің түрін және жануарлардан алынатын өнімнің сынамаларын алу санын көрсете отырып, оларды шығу тегі бойынша отандыққа және импорттыққа (Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген) бөле отырып, алдағы жоспарланатын жылға арналған нақтыланған Жоспар жобасын қалыптастырады және ағымдағы жылғы 1-10 қараша аралығында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшесіне жинақтау үшін жібереді.

      5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшесі ағымдағы жылғы 10-20 қараша аралығындағы мерзімде жануарлардан алынатын өнімнің түрін және жануарлардан алынатын өнімнің сынамаларын алу санын көрсете отырып, оларды шығу тегі бойынша отандық және импорттық (Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген) өнімге бөле отырып, алдағы жоспарланатын жылға арналған Жоспарлардың жиынтық жобаларын жасайды және оларды ведомствоға жібереді.

      6. Ведомство ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей аумақтық бөлімшелер ұсынған Жоспарлардың жиынтық жобаларының негізінде Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) бекітеді және қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде алдағы жоспарланған жылы оның орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

      Жоспарда облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың атауы, жануарлардан алынатын өнімнің түрі және оларды шығу тегі бойынша отандық және импорттық өнімге (Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген) бөле отырып, жануарлардан алынатын өнімнің сынамаларын іріктеу саны, тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мониторингтік зерттеулер жүргізу жоспарланатын тамақ қауіпсіздігінің көрсеткіштері көрсетіледі.

      Жоспарда жануарлардан алынатын өнімнің түріне қарай тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мониторингтік зерттеулер жүргізу жоспарланатын тамақ қауіпсіздігінің мынадай көрсеткіштері көзделеді:

      1) микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық көрсеткіштер, ластаушы заттардың қалдық мөлшерін айқындау, уытты элементтердің (ауыр металдар тұзының) шекті жол берілетін концентрациясының мөлшерін айқындау, диоксиндердің шекті жол берілетін концентрациясының мөлшерін айқындау, ветеринариялық препараттардың қалдық мөлшерін айқындау;

      2) Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы"; Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен бекітілген "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы"; Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен бекітілген "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы"; Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 162 шешімімен бекітілген "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы"; Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 110 шешімімен бекітілген "Құс еті мен оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде көзделген тамақ қауіпсіздігінің көрсеткіштері.

      7. Бекітілген Жоспар негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық бөлімшелері ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер бөлінісінде Жоспарды бекітеді және ол бекітілген күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде оларды тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті ұйымдастыру және жүргізу үшін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

      8. Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге оны орындау кезеңінде жол беріледі.

      Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жарты жылда кемінде бір рет және мониторингтік зерттеулер жүргізілетін айға дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын жол беріледі. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мәліметтер ескеріледі.

3-тарау. Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарды іске асыру тәртібі

      9. Жануарлардан алынатын өнімнің тағамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті Жоспарға сәйкес "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйым (бұдан әрі – Зертхана) жүзеге асырады.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары Жоспарға сәйкес мониторингтік зерттеулер жүргізу мақсатында кейіннен Зертханаға жіберу үшін жануарлардан алынатын өнімдердің сынамаларын алуды жүзеге асырады.

      Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы мен кедендік аумағында ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жануарлардан алынатын өнімнен сынама алынады.

      Жануарлардан алынатын өнімдердің сынамаларын алу дайындау, сақтау орындарында (сақтау қоймаларында), өткізу орындарында (жануарлардан алынатын өнімдерді өткізу жүзеге асырылатын ішкі сауда объектілерінде), жануарларды союды жүзеге асыратын объектілерде, жануарлардан алынатын өнімдерді өндіруді, өңдеуді, сақтауды жүзеге асыратын объектілерде жүргізіледі.

      10. Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг үшін жануарлардан алынатын өнімнің сынамаларын алуды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы субъектінің (объектінің) басшысының/өкілінің немесе жануарлардан алынатын өнім иесінің қатысуымен жүргізеді.

      11. Бақылау сынамасы сынамаларды іріктеу процесінде сол жерде стерильді контейнерге бөлінеді және пломбаланған (мөрленген) түрде мониторингтік зерттеулер жүргізген Зертханада сақталады.

      Мониторингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша азық-түлік қауіпсіздігі көрсеткіштеріне сәйкессіздік анықталған жануарлардан алынатын өнім үлгілерінің бақылау сынамаларын қоспағанда, бақылау сынамаларын сақтау мерзімі зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сараптама актісі (сынақ хаттамасы) берілген күннен бастап кемінде күнтізбелік 14 (он төрт) күнді құрайды. Мониторингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша тамақ қауіпсіздігі көрсеткіштеріне сәйкессіздік анықталған жануарлардан алынатын өнім үлгілерінің бақылау сынамаларын сақтау мерзімі мүдделі тұлғаларды зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы хабардар еткеннен кейін үш айдан аспайды.

      Тез бүлінетін өнім үшін бақылау сынамасын сақтау мерзімі, сапа мен қауіпсіздіктің бірқатар көрсеткіштері үшін (органолептикалық және микробиологиялық) оның жарамдылық мерзімінен аспауы тиіс.

      12. Жануарлардан алынатын өнімнің іріктелген сынамаларын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері Іріктеу қағидаларына сәйкес нысандар бойынша ілеспе хатпен және жануарлардан алынатын өнімнің сынамаларын іріктеу актісімен (актілерімен) Зертханаға жібереді.

      Жануарлардан алынатын өнім сынамаларын іріктеу актісіне жануарлардан алынатын өнім сынамаларын іріктеуді жүргізген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор және жануарлардан алынатын өнім иесі немесе оның өкілі қол қояды.

      Акт үш данада жасалады: бірінші данасы сынамалармен бірге Зертханаға жіберуге арналады, екіншісі сынама алуды жүргізген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, сынама алу актісінің үшінші данасы жануарлардан алынатын өнімнің иесіне немесе оның өкіліне беріледі.

      13. Жануарлардан алынатын өнім сынамаларын іріктеужі жүргізген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор Іріктеу қағидаларына сәйкес олардың сақталуын және Зертханаға уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.

      14. Зертхана мыналарды жүзеге асырады:

      1) ілеспе құжаттарды, жануарлардан алынатын өнім сынамаларын іріктеу актісін, жануарлардан алынатын өнім сынамаларын қабылдау және салыстырып-тексеру;

      2) жануарлардан алынатын өнім сынамаларына тамақ қауіпсіздігі көрсеткіштеріне зерттеулер жүргізу. Зерттеулер халықаралық және ұлттық стандарттарда белгіленген мерзімдерде өнімнің түріне, оны зерттеу әдісіне және зерттелетін қауіпсіздік көрсеткішіне байланысты жүргізіледі;

      3) мониторингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақтар хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес сараптама актісін (сынақтар хаттамасын) беру.

      15. Зертхана тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтық бөлімшесіне ресімделген күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сараптама актісін (сынақ хаттамасын) жібереді.

      16. Мониторингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша тамақ қауіпсіздігі көрсеткіштеріне сәйкессіздік анықталған жағдайда, Зертхана дереу ведомство мен аумақтық бөлімшеге ілеспе хатпен және сараптама актісімен (сынақ хаттамасымен) хабарлама жібереді.

      17. Жоспар шеңберінде жүргізілген мониторингтік зерттеулердің нәтижесінде зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша жануарлардан алынатын өнімнің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, аумақтық бөлімше бұл туралы осы жануарлардан алынатын өнімнің иесіне немесе оның өкіліне, өндірушісіне, әкімшілік аумақтың инспекторларына 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде хабарлайды. Ақпаратта сынамаларды іріктеу әдісі, оның орны мен мақсаты, пайдаланылған талдамалық әдіс (егер талдамалық әдістер пайдаланылса), зертханалық зерттеулер жүргізілген зертхана және зерттеу нәтижелері туралы деректер көрсетіледі.

      18. Жоспар шеңберінде жүргізілген мониторингтік зерттеулердің нәтижесінде зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша жануарлардан алынатын импорттық (әкелінген) өнімнің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, ведомство бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімімен бекітілген Объектілерге бірлескен тексерулер жүргізу және ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – ЕАЭК ережесі) сәйкес уәкілетті (құзыретті) органға хабарлайды.

      19. Осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген жағдайда, ЕАЭК ережесіне сәйкес күшейтілген қауіпсіздікті зертханалық бақылау жүзеге асырылады, ол бойынша өндірілетін жануарлардан алынатын өнімдерден 10 партиядан бастап сынама ала отырып жануарлардан алынатын өнімдердің 3 (үш) айдан аспайтын мерзімде орнын ауыстыруға жол беріледі. Сынамалар бұзушылық анықталған сол типтегі жануарлардан алынатын өнімдерден ғана іріктеліп алынады. Зертханалық зерттеулер бұрын сәйкессіздік анықталған көрсеткіш (көрсеткіштер) бойынша ғана жүргізіледі. Зертханалық зерттеулер "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес жүргізіледі.

  Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз
ету жөніндегі мемлекеттік
мониторинг жоспарын әзірлеу
және іске асыру жөніндегі
  ережеге 1-қосымша

Іріктелетін сынамалар санын есептеу

Ішкі өндірістегі жануарлардан алынатын өнімдер:

      1. Сиыр, қой, ешкі, жылқы және шошқа етінің сынамаларының ең аз саны сойылған жануарлардың (бастардың) санына қарай есептеледі. Әрбір үлгі жеке таңдалған жеке жануарға сәйкес келеді. Жануарлардың санын алдын ала айқындамай, өнім массасынан тікелей сынамалар санын есептеуге жол берілмейді.

      Есептеу және сынама алу бірлігі жеке жануар (бас) болып табылады.

      Сиыр, қой, ешкі, жылқы және шошқа етінен алынған сынамалардың санын есептеу үшін келесі формулалар қолданылады:

      1) сойылған жануарлар санын есептеу:

      Nбас = W​ × 1 000​ / m, мұндағы:

      Nбас – сойылған жануарлардың саны (бас);

      W – тірі салмақтағы ет өндіру көлемі, тонна (ресми статистикалық ақпарат бойынша);

      1000 – тоннаны килограммға аудару коэффициенті;

      m – бір жануардың орташа тірі салмағы, кг (ресми статистикалық ақпарат бойынша);

      2) сынамалар санын есептеу:

      Nсын = Nбас × P, мұндағы:

      Nсын – мониторингке арналған сынамалар саны;

      P – кестеге сәйкес сынамаларды алудың жалпы пайызы (бақылауға жататын жануарлардың үлесі):

Р/с

Жануарлардан алынатын өнім түрі

Көрсеткіштер топтары бойынша бөлу, %

Сынамаларды іріктеудің жалпы пайызы (А және В топтары бойынша сома)

А

В

1.

Сиыр еті

0,25

0,15

0,4

2.

Қой еті

0,01

0,04

0,05

3.

Ешкі еті

0,01

0,04

0,05

4.

Шошқа еті

0,02

0,03

0,05

5.

Жылқы еті

0,25

0,15

0,4

      2. Құс еті, балық (балық аулау және аквашаруашылық), сиыр сүті, тауық жұмыртқасы мен бал сынамаларының ең аз саны өндірілген өнім көлеміне қарай есептеледі. Тауық жұмыртқалары үшін есептеу ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес өндірілген жұмыртқалардың (дана) санынан орындалады.

      Құс етінен, балықтан (балық аулау және аквашаруашылық), сиыр сүтінен, тауық жұмыртқасынан және балдан алынатын сынамалардың санын есептеу үшін келесі формула қолданылады:

      Үлгілер санын есептеу:

      Nсын = W / P, мұндағы:

      Nсын – мониторингке арналған сынамалар саны;

      W – тонна өнім өндіру көлемі (ресми статистикалық ақпарат бойынша);

      P – кестеге сәйкес сынама алудың жалпы пайызы (бақылауға жататын өндіріс үлесі):

Р/с №

Жануарлардан алынатын өнім түрі

Көрсеткіштер топтары бойынша бөлу, %

Сынамаларды іріктеудің жалпы пайызы (А және В топтары бойынша сома)

А

В

1.

Құс еті

0,25

0,25

0,5

2.

Балық (аквашаруашылық)

0,3

0,7

1,0

3.

Балық (балық аулау)

0,0

1,0

1,0

4.

Сиыр сүті

0,0033

0,0033

0,0066

5.

Тауық жұмыртқалары

0,000003

0,000003

0,000006

6.

Бал

1,665

1,665

3,33

Импорттық өндірістің жануарлардан алынатын өнімдері:

      Импортталатын өнім сынамаларының ең аз саны өткен күнтізбелік жылдағы ішкі тұтыну құрылымындағы өнімнің тиісті түрінің импорт үлесіне барабар есептеледі. Бұл ретте ішкі өндіріс өнімі үшін есептелген сынамалар саны импортталатын өнімді бақылау көлемін анықтау үшін есептік база ретінде пайдаланылады.

      Импортталатын өнім сынамаларының алынған саны қосымша көлем қалыптастырады және ішкі өндіріс өнімінің мемлекеттік мониторингі үшін көзделген сынамалар санын азайтпайды.

      Алынған сынамалар санын есептеу үшін келесі формула қолданылады:

      Nимп = Nсын × Dимп , мұндағы:

      Nимп ​ – мониторинг үшін импортталатын өнім сынамаларының саны;

      Nсын – тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлеу және іске асыру жөніндегі ережеге осы қосымшаға сәйкес есептелген, мемлекеттік мониторингке арналған өнімнің тиісті түрі бойынша ішкі өндіріс сынамаларының жалпы саны;

      Dимп – өнім түріне байланысты импорттың үлесі, % (ресми статистикалық ақпарат бойынша).

  Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз
ету жөніндегі мемлекеттік
мониторинг жоспарын әзірлеу
және іске асыру жөніндегі
  ережеге 2-қосымша

Топтар бойынша көрсеткіштердің түрлері

      А тобы – қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тамақ өндіретін жануарлар үшін тыйым салынған немесе рұқсат етілмеген фармакологиялық белсенді заттар:

      1) стилбендер;

      2) қалқанша безге қарсы агенттер;

      3) стероидтер;

      4) резорцил қышқылының лактондары, оның ішінде зеранол;

      5) бета-агонистер;

      6) левомицетин;

      7) нитрофурандар;

      8) диметридазол, метронидазол, ронидазол және басқа нитроимидазолдар;

      9) басқа заттар;

      10) бояғыштар;

      11) микробқа қарсы заттар;

      12) кокцидиостаттар, гистомоностаттар және басқа паразиттерге қарсы агенттер;

      13) ақуыз және пептидтік гормондар;

      14) қабынуға қарсы заттар, седативтер және кез келген басқа фармакологиялық белсенді заттар;

      15) вирусқа қарсы заттар.

      В тобы – тамақ өнімдерін өндіруші жануарларда қолдануға рұқсат етілген фармакологиялық белсенді заттар:

      1) микробқа қарсы заттар;

      2) инсектицидтер, фунгицидтер, антигельминттер және басқа паразиттерге қарсы заттар;

      3) седативтер;

      4) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (NSAIDS), кортикостероидтар және глюкокортикоидтар;

      5) басқа фармакологиялық белсенді заттар;

      6) рұқсат етілген кокцидиостаттар мен гистомоностаттар;

      7) ластаушы заттар: галогенделген тұрақты органикалық ластаушы заттар оның ішінде диоксиндер мен полихлорланған бифенилдер, улы элементтер, микотоксиндер, басқа ластаушы заттар;

      8) микробиологиялық көрсеткіштер;

      9) паразитологиялық көрсеткіштер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады