Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылғы 1 маусымдағы № 57-ө "Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 10-ө бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының  2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағын, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының "Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 01 маусымдағы №57-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының  2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі негізінде жүзеге асырылсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Н.А. Құсанға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оған қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Н. Таушов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады