"Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 35/317-VIII шешiмi

      Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қаласы мәслихатының "Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      кестеде:

      мынадай мазмұндағы 116, 117, 118-жолдармен толықтырылсын;

116.

Көптеген миелома

Помалидомид, капсулалар, 4 мг

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

117.

Жоғарғы жақтың, бронхтардың немесе өкпенің қатерлі ісігі

Бригатиниб, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 180 мг

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

118.

Лорлатиниб, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

      реттік нөмірлері 106, 109-жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады