Шымкент қаласында 2026 жылға басым дақылдар тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 1199 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласында 2026 жылға басым дақылдар тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2026 жылғы "____" _________
№ ______ қаулысына қосымша

Шымкент қаласында 2026 жылға басым дақылдар тiзбесі және субсидиялар нормалары

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Өлшем бірлігі тонна, гектар

Субсидия нормалары, теңге

1

Мақсары (майлы дақыл түрінде өсіріп-өндіру)

тонна

20 000

2

Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөніс

гектар

8 148 120,0

3

Фермерлік жылыжайдағы көкөніс

гектар

4 858 142,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады