БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34933 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Үлгілік конкурстық құжаттамаларға, аукциондық құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 593 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35018 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Үлгілік конкурстық құжаттамаларға, аукциондық құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Біржанов |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі |
1. | Техникалық-экономикалық негіздеме мен қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстар | Конкурс |
2. | Аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен жүзеге асырылатын объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама бойынша жұмыстар | Конкурс |
3. | Құрылыс-монтаждау жұмыстары | Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс |
4. | Жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстар | Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс |
5. | Құрылыс-жөндеу жұмыстары бойынша техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер | Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс |
6. | Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметтер | Конкурс |
7. | Байланыс қызметі | Конкурс |
8. | Кәбіл бойынша жалпыға бірдей мәлімет үшін хабарлама алу немесе авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін эфирге беру құқығын беру жөніндегі қызметтер | Конкурс |
9. | Білім беру ұйымдарындағы күзет қызметтері | Конкурс |
10. | Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметтер (өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу) | Конкурс |
Ескертпе: Осы Тізбенің талаптары "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 16-бабының 3-тармағы шеңберінде жүзеге асырылатын сатып алуларға қолданылмайды.
| Қазақстан Республикасы | |
| Қаржы министрінің міндетін атқарушының бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 593 бұйрығына 1-қосымша |
Үлгілік конкурстық құжаттамаларға, аукциондық құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі
№ | Тауарлар, жұмыстар, қызметтер атауы | Сипаттама | Ескертпе |
І. | Тауарлар: | ||
1. | Жеңіл өнеркәсіп тауарлары: | ||
1.1. | Төсек-жайма (көрпе тысы, ақ жайма, жастық тысы, матрастардың тыстары) | ||
1.2. | Көрпе, жастық, матрац, матрацқа арналған тыс, жамылғы | ||
1.3. | Дастархан, төсек жапқыш, орамал, тоқыма майлықтар, пердешелер, перделер, шымылдықтар | ||
1.4. | Дайын ерлер, әйелдер мен балалардың киім-кешек заттары (блузкалар, шалбарлар, жемпірлер, курткалар, костюмдар, жүзу киімдері, жакеттер, костюмдер, суға түсуге арналған іш киім, курткалар, курткалар-пиджактар, қысқа тондар, іш киімдер, жейделер, теннискалар, қалың күртелер, жеңіл жейде -пололар, шалбарлар және белдемшелер, кимоно) | ||
1.5. | Жұмыс киімі, жұмыс халаты, алжапқыш, кеудеше, көкірекше-жамылғы, дабыл кеудеше, санитариялық костюм, қышқылға қарсы костюм, төмен температурадан қорғауға арналған костюм, өндірістік ластанудан қорғауға арналған костюм, матадан жасалған жеңқап, дәнекерлеуші костюм, судан қорғауға арналған плащ, жұмыс комбинезоны, қысқа және ұзын жеңді қалыпты көйлек, камуфляжды костюм, ластанулар мен механикалық әсерлерден қорғауға арналған жалпы өндірістік киімдер | ||
1.6. | Медициналық мақсаттағы киім-кешек (медициналық халат, медициналық костюм, хирургиялық костюм, хирургиялық бахилалар, келушілерге арналған жамылғы-халат, жаялықтар, (рентгеннен қорғағыш) пелерина) | ||
1.7. | Ерлер және әйелдер іш киімдері (пижама, ішкиім, ішкөйлек, ішкөйлек пен шолақ шалбар, дамбалдар, шұлықтар, шұлғаулар, жеңіл жейде, жатарда киетін іш көйлек, халат және жейде) | ||
1.8. | Бас киімдер (берет, күнқағары бар қалпақ (бейсболка), кепеш, кепке, қалпақ, үшкіл орамал, бас киім, дулыға, қалпақтар, фуражка, пилотка) | ||
1.9. | Аяқ киім (бәтеңкелер, етіктер (ерлер, арнайы костюмдерге арналған, резеңке, ерлер, диэлектрлік, резеңке), бутстер, резеңке кебістер, пима, кроссовкалар, қысқа қонышты бәтеңке, қысқа қонышты етік, сандалдар, тәпішке, тәпішке (резеңке шәркей), туфли, етік, кеды) | ||
1.10. | Қол орамалдар, галстуктер, мойын бөкебайлар, шұлықтар, шұлғаулар, қысқа шұлық, шұлық, тоқыма материалдардан жасалған киімнің бөліктері (дулыға астары, жапсырмалар, белбеу, жұмыс сөмке, сөмке, портфель, портмоне, белбеу, кілем, биялай, термос-сөмке бауымен, қолғаптар, биялайлар, жаға астары) | ||
1.11. | Кендір, үлдірлер мен полиэтилен пакеттерді қоспағанда қаптар мен пакеттер | ||
1.12. | Брезенттер, қаптар, жапқыштар, тенттер (шатырлар) | ||
1.13. | Электротехникалық жабдықтарға арналған шүберектерді қоспағанда өзге де тоқыма бұйымдары (еден, ыдыс жууға арналған шүберек, шаң тазалалау және өзге де тазалауға арналған керек-жарақтар, геологиялық сынамаларға арналған қаптар, техникалық салфеткалар) | ||
1.14. | Өзге де жеңіл өнеркәсіп өнімдері (мата, тері, киіз, жіп, жіптер, панно, кілем, кілемше, киіз, толтырма, жол жиынтығы, мата, жіп, тұтқыш, қысымды жең, өрт сөндіруші белдігі, синтепон, ұлтарақ, ту, жалауша, фуршет белдемесі, бау, эмблема, бант (орындықтарға арналған, мақтадан) | ||
2. | Жиһаз өнеркәсібінің тауарлары: | ||
2.1. | Тұрмыстық және қоғамдық үй-жайларға арналған жиһаз, кеңселерге, студияларға, қонақ үйлерге, мейрамханаларға және қоғамдық орындарға арналған жиһаз (орындықтар, орындықтар, табуреттер, дивандар, креслолар, орындықтар, тіреулер, демонстрациялық шкафтар, сөрелер, бокстар, сату үстелі, верстактар (үстелдер), приставкалар, бар станциялары, мінбе, стеллаждар, шкафтар, ілгіштер, киім ілгіштер, тумбалар, қалқалар, жиһаз жинақтары, ресепшн тіреулері, сөрелері, пирамидалар, стендтер, үлкен биік айна, перде, сүлгілер, комодтар, төсектер, жұмсақ жиһаздар) | ||
2.2. | Балалар және мектеп жиһазы (оқушылар парталары, оқушылар орындықтар, балалар төсегі, балалар шкафтары, жиһаз гарнитурлары, манеждер, жәшіктер) | ||
2.3. | Зертханалық жиһаз (зертханалық орындықтар, табуреттер, басқа да зертханалық орындықтар, шкафтар, үстелдің үстіңгі тақтайшалар, стеллаждар, сөрелер, тумбалар және үстелдер) | ||
2.4. | Ас үй жиһазы (асхана гарнитурасы, үстелдің үстіңгі тақтайы, бар тіреулері, үстелдер-жуғыштар) | ||
2.5. | Матрастар мен жатын қаптары | ||
3. | Ұйымдастыру техникасы (жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, моноблоктар, мониторлар, экрандар, процессорлар, ноутбуктер, көп функционалды құрылғылар, принтерлер, сканерлер) | ||
4. | Автомобильдік көлік құралы (жеңіл автомобиль) | ||
5. | Жанармай (АИ-92, АИ-95, АИ-98) | ||
6. | Дизельдік жанармай (жазғы, қысқы, арктикалық) | ||
ІІ. | Қызметтер: | ||
1. | Мерзімді баспасөз басылымдарының қызметтері | ||
2. | Байланыс қызметтері: | ||
2.1. | Cым желілері арқылы тар жолақты интернетке қол жеткізуді ұсынуға бағытталған қызметтер | ||
2.2. | Сымсыз желілер арқылы кең жолақты интернетке қол жеткізу бойынша қызметтер | ||
2.3. | Сымсыз желілер арқылы тар жолақты интернетке қол жеткізу бойынша қызметтер | ||
2.4. | Сым желілері арқылы кең жолақты интернетке қол жеткізуді ұсынуға бағытталған қызметтер | ||
2.5. | Жергілікті телефон байланысы қызметтері | ||
2.6. | Мобильді интернет қызметтері | ||
2.7. | Тіркелген жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон байланысы қызметтері | ||
2.8. | Ұялы байланыс қызметтері | ||
2.9. | Виртуалды карта мен корпоративтік шот ұсыну арқылы IP-телефония қызметтері | ||
2.10. | Жер станциясының спутниктік байланыс қызметтері | ||
2.11. | Спутниктік жылжымалы байланыс қызметтері | ||
2.12. | Кәбіл бойынша жалпыға бірдей мәлімет үшін хабарлама алу немесе авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін эфирге беру құқығын беру жөніндегі қызметтер | ||
3. | Білім беру ұйымдарындағы күзет қызметіттері | ||
4. | Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметтер | ||
5. | Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметтер (өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу) | ||
6. | Білім беру ұйымдарында балаларды тасымалдау қызметтері |
