"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Іле аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жектекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Қ. Жақсымбетов |
| Іле ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "25" | |
| маусымдағы № 183 қаулысына 1-қосымша |
Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1. Өтеген батыр ауылдық округі бойынша:
1) Өтеген батыр ауылы, "Арман" ықшам ауданы, Шұғыла көшесі, № 22а, "Арман" дүкенінің жанындағы стенд;
2) Өтеген батыр ауылы, Гүлдер ықшам ауданы, Ш. Құлымбаев көшесі, № 25/1, "Әдемі" дүкенінің жанындағы стенд;
3) Қарасу ауылы, Рысқұлов көшесі, № 105, "Санри" дүкенінің жанындағы стенд;
4) Өтеген батыр ауылы, Рахымбаев көшесі, № 36Б, Н.Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйі жанындағы стенд;
2. Байсерке ауылдық округі бойынша:
1) Байсерке ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 92, "Байсерке Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, №14 б, № 28 гимназия ғимаратының жанындағы стенд;
3) Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, №14 в мекенжайында орналасқан стенд;
4) Байсерке ауылы, Арқабай көшесі, 68 А, "Қазпошта" акционерлік коғамының филиалы ғимаратының жанындағы стенд;
5) Әли ауылы, Беделбаев көшесіндегі аялдама жанындағы стенд.
3. Қараой ауылдық округі бойынша:
1) Қараой ауылы, Отарбаев және Тың дала көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Н. Тілендиев ауылы, Арман және А. Исаев көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Қосөзен ауылы, Жильников көшесі, № 89, "Кошалко" дүкенінің жанындағы стенд.
4. Байкент ауылдық округі бойынша:
1) Байкент ауылы, Ю. Гагарин мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысында орналасқан стенд.
5. Ақсай ауылдық округі бойынша:
1) Ақсай ауылы, Достық көшесі, № 10, мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Жауғашты ауылы, Абай көшесі, № 15, "Алишер" дүкенінің жанындағы стенд;
3) Екпінді ауылы, Наурызбай батыр көшесі, № 24 мекенжайында орналасқан стенд.
6. Асқар Тоқпанов ауылдық округі бойынша:
1) Асқар Тоқпанов ауылы, Сейдалиев және Қисанов көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Жайнақ ауылы, Қ. Күшелеков көшесі, № 57, "Мұхамеджанов" дүкенінің жанындағы стенд.
7. Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша:
1) Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 150, "Диана" дүкенінің жанындағы стенд;
2) Көкқайнар ауылы, Астана көшесі, № 14, "Уашпаев" және "Береке" дүкендерінің жанындағы стенд;
3) Төле би ауылы, М. Мәметова көшесі, № 36, ауылдық фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
4) Жәпек батыр ауылы, Қ. Алтаев көшесі, № 42, ауылдық ветеринариялық пункті ғимаратының жанындағы стенд.
8. Күрті ауылдық округі бойынша:
1) Ақши ауылы, Д. Қонаев пен Ж. Бәрібаев көшелерінің қиылысында орналасқан стенд.
9. Боралдай кенті бойынша:
1) Боралдай кенті, "Водник-1" ықшам ауданы, Алатау және Абылай хан көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Боралдай кенті, Космонавтов көшесі, № 96, "Әсем" дүкенінің жанындағы стенд;
3) Боралдай кенті, Аэродромная көшесі, № 96, "Удобный" дүкенінің жанындағы стенд.
| Іле ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "25" маусымдағы № 183 қаулысына 2-қосымша |
Іле ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
1. Өтеген батыр ауылдық округі бойынша:
1) Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, № 16, № 7 орта мектептің акт залы.
2) Өтеген батыр ауылы, Әжімұратов көшесі, № 12, № 13 орта мектептің акт залы.
3) Қарасу ауылы, Рысқұлбеков көшесі, № 38, № 24 лицейдің акт залы.
2. Байсерке ауылдық округі бойынша:
1) Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 14 б, № 28 гимназияның акт залы.
2) Али ауылы, Бұқар жырау көшесі, № 2, № 22 орта мектептің акт залы.
3. Қараой ауылдық округі бойынша:
1) Қараой ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 9, ауылдық мәдениет үйі.
2) Қосөзен ауылы, Абай көшесі, № 1, № 14 орта мектептің акт залы.
3) Нұрғиса Тілендиев ауылы, Алматы көшесі, № 32, № 26 орта мектептің акт залы.
4. Байкент ауылдық округі бойынша:
1) Байкент ауылы, "3-ықшам аудан", № 13, аудандық мәдениет үйі.
5. Ақсай ауылдық округі бойынша:
1) Ақсай ауылы, Достық көшесі, № 10, ауылдық мәдениет үйі.
2) Екпінді ауылы, Қобыланды батыр көшесі, № 45, Т. Айбергенов атындағы № 48 орта мектептің акт залы.
3) Жауғашты ауылы, Абай көшесі, № 3, № 27 орта мектептің акт залы.
6. Асқар Тоқпанов ауылдық округі бойынша:
1) Асқар Тоқпанов ауылы, Б. Сейдалиев көшесі, № 117, № 42 орта мектептің акт залы.
2) Жайнақ ауылы, Школьная көшесі, № 4, № 31 орта мектептің акт залы.
7. Ашыбұлақ ауылдық округі бойынша:
1) Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Молдағұлов көшесі, № 14, № 19 орта мектептің акт залы.
2) Жапек батыр ауылы, Қ. Алтаев көшесі, № 138 А, №36 орта мектептің акт залы.
3) Көкқайнар ауылы, Байтерек көшесі, № 97А, № 44 орта мектептің акт залы.
4) Төле би ауылы, А.Қарсақбаев көшесі, № 16А, № 37 орта мектептің акт залы.
8. Күрті ауылдық округі бойынша:
1). Ақши ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 31, ауылдық мәдениет үйі.
9. Боралдай кенті бойынша:
1) Боралдай кенті, Бостанов көшесі, № 1, № 17 орта мектептің акт залы
2) Боралдай кенті, Аэродромная көшесі, № 4 Г, № 23 орта мектептің акт залы.
3) Боралдай кенті, Байзақов көшесі, № 59, № 40 орта мектептің акт залы.
