"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК көлік құралдары, телефон байланысы, кеңсе жиһаздары және оларды орналастыруға арналған алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 920 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 445 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК көлік құралдары, телефон байланысы, кеңсе жиһаздары және оларды орналастыруға арналған алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 920 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Сәрсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады