Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 7161 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай "Morion LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары үшін 2031 жылдың 20 қыркүйегіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |
