"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына, 37-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, 71-1-бабы 2-тармағына сәйкес және "Mineral Investment Group" ЖШСнің арызы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қопа ауылдық округі аумағынан "Mineral Investment Group" ЖШС-нің қатты пайдалы қазбаларды барлауға жалпы көлемі 443 га жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2032 жылдың 23 қаңтарына дейін жария сервитут белгіленсін.
2 "Хромтау ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Тлеумұратов |
