1. Ойыл ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 "Ойыл ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23251 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 397, № 408 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 397 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі Қаратал ауылы Ж.Жүсібалиев көшесі 2, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш.Берсиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Қаратал ауылы: Ш.Берсиев, Әбілқайыр хан, Ақтөбе, Абай, Ө.Бақаев, И.Қарағұлов, Шәкәрім, Ж.Жүсібәлиев, Республика, Бейбітшілік, З.Баймолдина, Көкжар, Тәуелсіздік, Сүлеймен әулие, Қобыланды батыр, Ә.Молдағұлова көшелері."
"№ 408 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Саралжын ауылдық округі Саралжын ауылы Көктал көшесі 2, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Саралжын ауылы: Ә.Дербісәлин, Алаш, Ботагөз-2, Ақтөбе, Қазақстан, И.Құрманов, Көктал, Қ.Шоланов, Таубатыр, Бейбітшілік, С.Керімбаева көшелері; Коңырат ауылы: Қоңырат, Ойыл көшелері."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ойыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Н. Тургамбеков |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
|
Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |