"Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жер учаскеcін тұрақты жер пайдалану құқығына табыстау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 54 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17 бабының 1–1 тармағының және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Мәртөк аудандық жер комиссиясының 2024 жылғы 25 қарашадағы № 27 қорытындысының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы "Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру" департаменті әзірлеген жерге орналастыру жобасының негізінде, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Мәртөк ауданы, Шевченко, Қызылжар, Бөрте ауылдарына күзет аймағымен бірге жеткізуші газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін берілетін жер учаскесіне нысаналы шектеулі пайдалану (сервитут) құқығын беру үшін жалпы көлемі – 9,3314 га жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығына табысталсын.

      2. "Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі" ММ-нің басшысы (А. Сасырауов) жер-есебін жүргізетін құжаттарға тиісті өзгерістер енгізсін.

      3. Жер учаскесінің бөлінуі немесе бөлінбеуі – бөлінеді.

      4. Жердің санаты – өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзгеде жер.

      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Ербазиевке жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауданының әкімі М. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады