"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Ырғыз ауданының прокуратурасының 2026 жылғы 06 наурыздағы № 2-0305-26-00211 наразылығы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан анықталған қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі Жайсаңбай ауылының "Шөкелбай" қыстағында орналасқан "Мұқасан" шаруа қожалығына белгіленген карантин алынсын.
2. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 қазандағы "Карантин белгілеу туралы" № 18 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі |
Е. Мұхайыс |
