"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Ырғыз ауданының прокуратурасының 2026 жылғы 06 наурыздағы № 2-0305-26-00210 наразылығы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан анықталған қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі Жайсаңбай ауылының "Исатай мешіті" қыстағында орналасқан "ИДМ-КТА" шаруа қожалығына белгіленген карантин алынсын.
2. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 тамыздағы "Карантин белгілеу туралы" № 16 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі |
Е. Мұхайыс |
