Әйтеке би ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 ақпандағы № 473 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би ауданының әкімдігі айқындаған тәртіппен және талаптарда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы шешімнің қосымшасына сәйкес жүргізушілерге 50 (елу) пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы Б. Сейлханов

  Әйтеке би аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
10 ақпандағы № 473 шешіміне
қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жүргізушілеріне лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Ұйым

Жүргізушілердің штаттық саны

1

"Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты" ММ

5

2

"Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" ММ

1

3

"Әйтеке би аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ

1

4

"Әйтеке би аудандық ішкі саясат бөлімі" ММ

1

5

"Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" ММ

1

6

"Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

1

7

"Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ

1

8

"Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ

1

9

"Әйтеке би аудандық қаржы бөлімі" ММ

1

10

"Әйке ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

11

"Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

12

"Ақтасты ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

13

"Аралтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

14

"Қайрақты ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

15

"Тұмабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

16

"Сарат ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

17

"Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

18

"Жабасақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

19

"Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

20

"Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

21

"Темірбек Жүргенов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

22

"Құмқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

23

"Қызылжұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1

24

"Үшқатты ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

1


ЖИЫНЫ

28


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады