Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 152 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Аралтоғай ауылдық округі, Қияқты және Ұлғайсын ауылдарына күзет аймағымен бірге жеткізуші газ құбырын (газ құбыры, шкафты газ реттеу пункті (ГРПШ) орналастыру және пайдалану үшін жалпы көлемі 0,1567 га жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына сервитут белгіленсін.

      2. "Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлемі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресмі жариялауға жіберуді;

      2) Осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасттыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданы әкімінің м. а. К. Байдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады