"Qaz Diatom Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 66 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Qaz Diatom Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы аумағында орналасқан № 244-EL лицензиясы бойынша жалпы алаңы 2600 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2030 жылдың 06 тамыздағы дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Qaz Diatom Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданы әкімі Д. Тоғызбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады