Ақтөбе қаласы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 4 тамыздағы № 581 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Бекет

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің
20__ жылғы "___" ___________
№ ____ қаулысына қосымша

Ақтөбе қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі

      1. "Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5836 тіркелген) қаулысы.

      2. "Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 "Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе қаласында әкімдігінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 3489 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6319 тіркелген) қаулысы.

      3. "Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 3489 "Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 "Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 3676 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7526 тіркелген) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады