Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 8С-50/6 шешімі

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шортанды ауданының әкімдігі айкындалған тәртібі мен шарттарында Шортанды ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Шортанды ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлеріне лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 30 (отыз) пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г. Сәдуақасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады