"Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № а-6/134 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 20 қаңтардағы № а-0/10 қаулысы

      Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № а-6/134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23667 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданының әкімі А.Қадыралина

      "КЕЛІСІЛДІ"

  Жақсы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
қаулысына қосымша
  Жақсы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 22 шілдедегі
№ а-6/134 қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

№ р/б

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Алғабас ауылы

Садуақасов көшесі (бұрынғы "Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Алғабас ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

2

Баяғыз ауылы

Центральная көшесі ("Агрофирма-"Астана-Т.А.Н." жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының оң жағында)

3

Белағаш ауылы

Береке көшесі ("Жақсы ауданының Белағаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

4

Беловод ауылы

Школьная көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловод ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

5

Ешім ауылы

Баубек Батыр көшесі ("Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

6

Жақсы ауылы

Абай көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының оқушылар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

7

Дружбы көшесі (Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының оң жағында)

8

Сейітжан Жaкупов атындағы көшесі ("Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Жақсы бекетінің темір жол вокзалы ғимаратының сол жағында)

9

Жаңа Қийма ауылы

Жеңіс көшесі (ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында)

10

Запорожье ауылы

Мира көшесі (ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында)

11

Калинин ауылы

Калинин көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Калининское ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

12

Киев ауылы

Абай көшесі ("Труд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің халықтың мәдени-демалыс орталығы ғимаратының оң жағында)

13

Киров ауылы

Киров көшесі (ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында)

14

Қайрақты ауылы

Стадионная көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Перекатное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шағын орталығы ғимаратының оң жағында)

15

Қийма ауылы

Киров көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп жанындағы клубы ғимаратының сол жағында)

16

Лозовое ауылы

Школьная көшесі (ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жағында)

17

Монастырка ауылы

Тауасар көшесі (бұрынғы "Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Монастырка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

18

Моховое ауылы

Сейфуллин көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Моховое ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

19

Новокиенка ауылы

Победы көшесі ("Новокиенка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының сол жағында)

20

Перекатное ауылы

Мұхтар Әуезов көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Перекатное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

21

Подгорное ауылы

Школьная көшесі ("Подгорное-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің наубайхана ғимаратының сол жағында)

22

Тарасовка ауылы

Зеленая көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Тарасовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

23

Терісаққан ауылы

Майкөтов көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

24

Чапай ауылы

Горький көшесі (ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жағында)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады