Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 8С-15/3-24 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8693-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
11-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде.".
11-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.
12-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12-1. Әлеуметтік көмек кірістерді ескере отырып, өтініш бойынша көрсетіледі:
өткен тоқсандағы айына жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1,5 еселенген мөлшерінен төмен азаматтарға (отбасыларға), жылына 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерде;
өткен тоқсандағы айына жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 15 еселенген мөлшерінен төмен мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жолдама берілген, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің немесе басқа тұлғаларымен санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүруіне, жылына 1 рет санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы | М.Әбжіков |
