Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ерейментау ауданы азаматтарының келесі санаттарына тегін жолақы түрінде жеңілдік белгіленсін:
1) кәмелетке толмаған бірге тұратын төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға (заңды өкілдерінің біріне);
2) көп балалы отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға.
2. Қаржыландыру көзі болып Ерейментау ауданының бюджеті анықталсын.
3. Осы бірлескен Ерейментау ауданы әкімдігінің қаулысы және Ерейментау аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ерейментау ауданының әкімі | Н. Мұқатов |
| Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы | М. Әбжіков |