Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8C16-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692-03 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
2-тараудың 11-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын;
"дүлей зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір мезгілде 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
2-тараудың 11-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктері, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы) бар адамдарға жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы | Қ. Шынтеміров |