Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "CAML XD Limited" жеке компаниясының өтінішін қарап, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. "CAML XD Limited" жеке компаниясына Атбасар ауданы, Борисовка ауылы мен Тельман ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы ауданы 2556,7 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, олармен өтініш берушінің өзі дербес келісе отыра, 2031 жылдың 9 қарашасына дейінгі мерзімге, қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.
2. "CAML XD Limited" жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Атбасар ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | К. Әлімжанов |
