Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-баптың 4-тармағы 2) тармақшасына, 43-бабының 7-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы А.М. Магимовтың 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 144 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде, Константинов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Константинов ауылдық округінің Константиновка ауылындағы Степная көшесінде орналасқан КТП № 3-5 және одан тарайтын 0,4 кВ әуе желілерін ф.1, ф.2 қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 0,0100 га жер учаскесіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) берілсін Жердің санаты: елді мекендердің жерлері.
"КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарихи - мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі санитариялық-экологиялық нормалар мен нормаларды, жерасты және жер үсті коммуникацияларын салу және пайдалану үшін уәкілетті органдардың, аралас жер пайдаланушылардың кедергісіз өтуі мен қолжетімділігін сақтасын.
Жер учаскесі бөлінеді деп есептелсін.
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Константинов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық нұсқадағы көшірмесін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз ету;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Константинов ауылдық округі әкімдігі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
.
| Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Константиновка ауылдық округі әкімі | С.Орлов |
