"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына және 62-бабының 5-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026–2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | Ж. Қасымбек |
| Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 5 сәуірдегі № 107-1558 қаулысына қосымша |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2026–2030 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
Р/с № | Даярлау бағытының коды және сыныпталуы | Білім беру бағдарламасының коды және тобының атауы |
2026–2030 оқу жылдарына арналған күндізгі оқу бөліміне мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі | Оқу жылы ішінде бір студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (теңге) | |
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6B01 Педагогикалық ғылымдар | |||||
1. | 6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы | В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | 503 | 1 139 200 | 1 008 100 |
2. | 6В013 Пәндік мамандандырылма ған мұғалімдерді даярлау | В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 15 | 1 139 200 | 1 008 100 |
3. | 6В014 Пәндік мамандандырылған мұғалімдерді даярлау | B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау | 5 | 1 139 200 | 1 008 100 |
4. | 6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | В009 Математика мұғалімдерін даярлау | 15 | 1 139 200 | 1 008 100 |
В010 Физика мұғалімдерін даярлау | 10 | 1 139 200 | 1 008 100 | ||
В011 Информатика мұғалімдерін даярлау | 15 | 1 139 200 | 1 008 100 | ||
5. | 6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 10 | 1 139 200 | 1 008 100 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. | 6В019 Арнайы педагогика | 1 139 200 | 1 008 100 | ||
6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | |||||
7. | 6B021 Өнер | 6B02100 "Инклюзивті театр әртісі" | 26 | 1 209 300 | 1 055 900 |
6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | |||||
8. | 6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | В057 Ақпараттық технологиялар | 46 | 1 111 400 | 1 009 600 |
6В11 Қызмет көрсету | |||||
9. | 6B113 Көлік қызметтері | В095 Көлік қызметтері | 25 | 905 800 | 803 900 |
7М04 Бизнес, басқару және құқық | |||||
10. | 7M041 Бизнес және басқару | M072 Менеджмент | 10 | 747 300 | 454 900 |
7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | |||||
11. | 7R011 Денсаулық сақтау (медицина) | Ересектер мен балалардың акушериясы және гинекологиясы | 5 | 1 939 900 | 1 811 300 |
Ересектердің гематологиясы | 2 | 1 939 900 | 1 811 300 | ||
Ересектер мен балалардың инфекциялық аурулары | 2 | 1 939 900 | 1 811 300 | ||
Ересектер мен балалардың кардиологиясы | 2 | 1 939 900 | 1 811 300 | ||
Клиникалық диагностика лабораториясы | 2 | 1 939 900 | 1 811 300 | ||
Ересектер мен балалардың шұғыл медицинасы | 5 | 1 939 900 | 1 811 300 | ||
Патологиялық анатомия | 2 | 1 939 900 | 1 811 300 | ||
Педиатрия | 2 | 1 939 900 | 1 811 300 | ||
Терапия | 3 | 1 939 900 | 1 811 300 | ||
Ересектер мен балалардың фтизиатриясы | 1 | 1 939 900 | 1 811 300 | ||
Барлығы: | 724 | ||||
