Астана қаласы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) және автожанармай құю станцияларына бөлінген жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 406/52-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 577 және 581-баптарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласы бойынша санатына байланысты автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер көлемі осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Астана қаласы бойынша барлық санаттағы автожанармай құю станцияларына бөлінген жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер көлемі осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден

  Астана қаласы мәслихатының
2026 жылғы 24 сәуірдегі
№ 406/52-VIII шешіміне
1-қосымша

Астана қаласы бойынша санатына байланысты автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерге арналған базалық салықтың мөлшерлемелер көлемі

Автотұрақтың паркингтің (санаты)

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, Астана қаласының жеріне бір шаршы метр үшін базалық мөлшерлеме (теңгемен)

Қазақстан Республикасы Салық кодексі 581-бабының 1-тармағына сәйкес автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерге арналған базалық
мөлшерлеменің ұлғаю көлемі (есе)

Ұлғаю көлемін ескере отырып,
автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген Астана қаласының жеріне арналған базалық мөлшерлемелер (теңге)

I санат
Ақылы негізде көлік құралдарын сақтау жөнінде қызмет көрсету үшін пайдаланатын автотұрақтар (паркингтер)

 
19,30

 
10

 
193,0

II санат
Тегін негізде көлік құралдарын сақтау үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер)

 
19,30

 
1

 
19,30

III санат
Кідіртілген көлікті сақтау үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер)

19,30

1

19,30

      __________________________

  Астана қаласы мәслихатының
2026 жылғы 24 сәуірдегі
406/52-VIII шешіміне
2-қосымша

Астана қаласы бойынша барлық санаттағы автожанармай құю станцияларына бөлінген жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер көлімі

Автожанармай құю станцияларының санаты

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерді қоспағанда, Астана қаласының жеріне бір шаршы метр үшін базалық мөлшерлеме (теңгемен)

Қазақстан Республикасы Салық кодексі 581-бабының 1-тармағына сәйкес автожанармай құю станцияларына бөлінген жерге арналған базалық мөлшерлеменің ұлғаю көлемі (есе)

Ұлғаю көлемін ескере отырып, автожанармай құю станцияларына бөлінген Астана қаласының жеріне арналған базалық мөлшерлеме (теңге)

 
Барлық санаттар

 
19,30

 
10

 
193,0

      ____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады