Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 наурыздағы № 394/51-VIII шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына, "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-1-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшері осы шешімге қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден

  Астана қаласы мәслихатының
2026 жылғы 19 наурыздағы
№ 394/51-VIII шешіміне
қосымша

Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшері

      1. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) үшін төлемақы мөлшері – 3 (үш) АЕК.

      2. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшері:

Көлік құралының санаты

Бірінші тәулік*

Кейінгі тәуліктер*

L1, L3, (Екі дөңгелекті көлік құралдары)

1 АЕК

2 АЕК

L2, L4, L5, L6, L7 (Үш дөңгелекті көлік құралдары, квадроциклдер)

1,5 АЕК

3 АЕК

M1 (жеңіл автомобильдер).

3 АЕК

5 АЕК

N1 (Техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 тоннадан аспайтын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары.)

5 АЕК

7 АЕК

O1 (Техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 0,75 тоннадан аспайтын тіркемелер.)

2 АЕК

4 АЕК

O2 (Техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 0,75 тоннадан асатын, бірақ 3,5 тоннадан аспайтын тіркемелер.)

5 АЕК

7 АЕК

      * Тәуліктер деп осы қосымшада Жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте Астана қаласында жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жасалатын көлік құралын қабылдау-беру актісінде көрсетілген күннен және уақыттан бастап есептелетін қатарынан 24 сағат түсініледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады