"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне және 57-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабы 16-тармағының 5) тармақшасына, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың мынадай тізбесі белгіленсін:
1) Америка Құрама Штаттары (тек Американдық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтарының бөлігінде ғана);
2) Андорра Князьдігі;
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары Достастығы;
5) Белиз мемлекеті;
6) Бруней Даруссалам мемлекеті;
7) Біріккен Танзания Республикасы;
8) Вануату Республикасы;
9) Гватемала Республикасы;
10) Гренада мемлекеті;
11) Джибути Республикасы;
12) Доминика Достастығы;
13) Доминикан Республикасы;
14) Жаңа Зеландия (тек Кука және Ниуэ аралдары аумағының бөлігінде ғана);
15) Испания (тек Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана);
16) Комор аралдары одағы;
17) Кооперативтік Гайана Республикасы;
18) Коста-Рика Республикасы;
19) Қытай Халық Республикасы (тек Аомынь (Макао) арнайы әкімшілік ауданның аумақтары бөлігінде ғана);
20) Либерия Республикасы;
21) Ливан Республикасы;
22) Мавритания Ислам Республикасы;
23) Малайзия (тек Лабуан анклава аумағының бөлігінде ғана);
24) Мальдив Республикасы;
25) Мальта Республикасы;
26) Солтүстік Мариан Аралдары Достастығы;
27) Маршалл аралдары Республикасы;
28) Марокко корольдігі (Танжер қаласы аумағының бөлігінде ғана);
29) Мьянма Одағы;
30) Науру Республикасы;
31) Нигерия Федеративтік Республикасы;
32) Нидерланд (тек Аруба аралының аумағындағы және Антил аралдарының тәуелді аумақтар бөлігінде ғана);
33) Палау Республикасы;
34) Панама Республикасы;
35) Португалия (тек Мадейра аралдары аумағының бөлігінде ғана);
36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;
37) Сейшель аралдары Республикасы;
38) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
40) Сент-Люсия мемлекеті;
41) Суринам Республикасы;
42) Тонга Корольдігі;
43) Тринидад және Тобаго Республикалары;
44) Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (тек Ангилья аралдары, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Норманд аралдары (Сарк, Олдерни аралдары), Оңтүстік Георгия аралы, Оңтүстік Сандвич аралдары, Теркс және Кайкос аралдары, Чагос аралы аумақтарының бөлігінде ғана):
45) Фиджи Тәуелсіз Демократиялық Республикасы;
46) Филиппин Республикасы;
47) Француз Республикасы (Кергелен аралдары, Француздық Гвиана, Француздық Полинезия аумақтарының бөлігінде ғана):
48) Черногория Республикасы;
49) Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы;
50) Ямайка.
2. Осы қаулының мақсаттары үшін, осы қаулының 1-тармағында айқындалған, офшорлық аймақтар деп жеңілдікпен салық режимін ұсынатын және (немесе) қаржылық операцияларды жүргізу барысында ақпаратты ашуды және ұсынуды көздемейтін мемлекеттер мен аумақтар түсініледі.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы |
М. Әбілқасымова |