Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Салық кодексі" Кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Теректі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теректі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 5 "Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6781 тіркелген, 2021 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Гумаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Теректі ауданының әкімі | А. Муханбетжанова |
