Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының Кодексі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы", Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 10 қаңтардағы №155-VIII ҚРЗ "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 маусымдағы №126 "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ келесідей мазмұндағы 23-1 тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді уақтылы немесе толық төлемеген жағдайда өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады;".
2. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Е. Каюповқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Төреғалиев |