Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 2 маусымдағы № 117/НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағаның хатшылығы (Департамент) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ қажет болған жағдайда және басқа да ашық ақпарат көздерінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға М. Омаров

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2025 жылғы 2 маусымдағы
№ 117/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

Буын

Саты

Лауазымдардың атауы

А блогы (басқарушы персонал)

А1

1

Республикалық маңызы бар мемлекеттік мекеменің басшысы

1-1

Республикалық маңызы бар мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарлары

А2

1

Республикалық маңызы бар мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

В блогы (негізгі персонал)

В1

1

Бас ғылыми қызметкер

2

Жетекші ғылыми қызметкер, бас сарапшыт

3

Аға ғылыми қызметкер, жетекші сарапшы

4

Бас сарапшы

5

Сарапшы

С блогы (әкімшілік персонал)

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, мемлекеттік сатып алу бойынша маман, заңгер, кадр жөніндегі маман, желілік әкімші, жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман, аудармашы

С3


Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: бухгалтер, мемлекеттік сатып алу бойынша маман, заңгер, кадр жөніндегі маман, желілік әкімші, жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман, аудармашы

D блогы (қосалқы персонал)

D


Техникалық орындаушылар: іс қағаздарын жүргізуші


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады