Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына сәйкес, Самар ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Самар ауданы мәслихатының келесі шешімдері жойылсын:
1) "Шығыс Қазақстан облысы "Самар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 2-8/VIII (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 180473 болып жарияланған);
2) Самар ауданы мәслихатының "Шығыс Қазақстан облысы "Самар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 2-8/VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-3/VIII (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 190664 болып жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Г. Шаймарданова |
