Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, "Lithium Tech" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 06/25 өтініші негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Lithium Tech" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2031 жылғы 10 ақпанға дейінгі мерзімге пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жер учаскесін меншік иелері мен пайдаланушылардан алып қоймай, жалпы алаңы 383 гектар жер қорының есеп кварталы 05-079-037 жеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Lithium Tech" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңнамаға сәйкес, жер пайдаланушылармен жеке сервитутты белгілеу туралы шарттарда бекітілген, жерді рекультивациялау жөніндегі міндеттерді және өзге де шарттарды, жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орнын анықтасын.
3. "Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Садуакасовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлан ауданының әкімі | А. Бекбосынов |
