Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Катонқарағай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Б. Болаев |
Катонқарағай аудандақ мәслихатының 2025 жылғы 2025 жылғы 14 мамырдағы № 27/315 – VIII шешіміне қосымша |
Катонқарағай ауданыны бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Жинақталу нормасы Жылна 1 тұрғынға м3 | Есептік бірлігі | Қызметтердің құны ТБО (ҚҚС-сыз тенге) | Барлығы (ҚҚС-сыз тенге) | |||
Жинау және тасымалдау | Көму | Сұрыптау | |||||
ҚҚС-сыз | ҚҚС- қоса | ||||||
Жайлы үйлер | 1,82 | Бір тұрғынға айына | 264,49 | 110,04 | 0,00 | 374,53 | 419,47 |
Жайлы емес үйлер | 1,86 | 270,31 | 112,45 | 0,00 | 382,76 | 428,69 | |
Жеке жіне заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | - | 1 м3 | 1743,91 | 725,52 | 0,00 | 2 469,43 |