"Біріккен ЭнергоCервистік Компаниясы" акционерлік қоғамына қолданыстағы электр беру әуе желісін қайта құру үшін жер учаскеcіне жария сервитутын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Бобровка ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 15 шілдедегі № 4 шешімі

      "Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" акционерлік қоғамының өтінішін қарастырып, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19,67,69-баптарын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып:

      1. "Біріккен Энерго сервистік Компания" акционерлік қоғамына қолданыстағы ӘЖ-0,4 кВ КТПН-404 электр беру әуе желісін реконструкциялау үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне 1 (бір) жыл мерзімге Жария сервитут белгіленсін Солнечное ауылы, ауданы 0,756 га, ШҚО орналасқан, Глубокое ауданы, Бобровка ауылдық округі,Солнечное ауылы, ұзындығы 1,89 км.

      2. "Біріккен Энерго сервистік Компания" акционерлік қоғамына қолданыстағы ӘЖ-0,4 кВ КТП-16-Б электр беру әуе желісін реконструкциялау үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне 1 (бір) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін, ауданы 2,58 га Бобровка ауылы, ШҚО орналасқан, Глубокое ауданы, Бобровка ауылдық округі, ауыл Бобровка, ұзындығы 6,45 км.

      3. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін ауыртпалықтар белгіленсін: инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарын сақтау, оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз қол жеткізу қамтамасыз етe.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бобровка ауылдық округі әкімінің м.а. З. Коробова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады