"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін жер учаскесіне жария сервитутын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 4 шешімі

      "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының өтінішін қарастырып, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 67, 69-баптарын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін ШҚО, Глубокое ауданы, Ертіс ауылдық округі, Черногорка ауылында орналасқан, алаңы 1,2267 га мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне 2 (екі) жыл мерзімге жария сервитуты белгіленсін.

      2. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін ауыртпалықтар белгіленсін: инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарын сақтау, оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік беру.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е. Жумагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады