Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдарының түрлері мен тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 2721 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 57-бабының 1-тармағына, 63-бабына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 49-1-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін белгілі бір біліктілігін талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстар орындалатын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі А. Акышов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Шығыс Қазақстан облысының
полиция Департаменті Өскемен қаласының
полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті"
мемлекеттік мекемесі

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "02" қыркүйектегі
№ 2721 қаулысына 1 қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері

      1. Аумақты тазалау және жинау.

      2. Аумақты абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстар.

      3. Суару жұмыстары.

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "02" қыркүйектегі
№ 2721 қаулысына 2 қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстары орындалатын ұйымдардың тізбесі

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің "ТАЗА ӨСКЕМЕН" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. Өскемен қаласы әкімдігінің "Аумақтық басқару орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады