"Мемлекеттік мекемелердің мүліктік кешендерін аудандардың (қалалардың) коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 496 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 139 қаулысы

      Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік мекемелердің мүліктік кешендерін аудандардың (қалалардың) коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 496 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      8-қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      1-тараудың 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Пирогов көшесі, 6 ғимарат, пошта индексі 070500".

      2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (И.А. Чернышева):

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов
      "Келісілді"
Шығыс Қазақстан облысы
қаржы басқармасы
басшысының міндетін атқарушы
___________
2025 жылғы "3" маусым
М. Мукашева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады