"Б" корпусы Созақ аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 20 және "Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 20 "Б" корпусы "Созақ аудандық мәслихат аппаратының мемлекетік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 1 тамыздағы № 40 шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 8 қазандағы № 217 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мыналардың:

      1) "Б" корпусы Созақ аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы №20 шешімінің;

      2) "Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы №20 "Б" корпусы "Созақ аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 1 тамыздағы №40 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ аудандық мәслихатының төрағасы О.Жәмиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады