"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 5-29/VI "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сайрам аудандық мәслихатының төрағасы | Ш.Халмурадов |
