"Түркістан тоқыма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбыры желілерін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 122 шешiмi

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес Шәуілдір ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Түркістан тоқыма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбырының желілерін орналастыру үшін осы шешімнің қосымшасына сәйкес жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелерінде 48 (қырық сегіз) жыл 11 (он бір) ай мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Отырар ауданы әкімдігінің "Шәуілдір ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны ауыл округі әкімінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Д.Қайратұлына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі әкімі Ғ.Қыдыр

  Шәуілдір ауыл округі әкімінің
20___жылғы "______"_____
№____ шешіміне қосымша

Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылы аумағында орналасқан "Түркістан тоқыма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбырының желілерін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

№ қ/с

Кадастрлық нөмірі

Жердің меншік иесі немесе жер пайдаланушы

Жер телімінің мақсаты

Жерге құқық түрі

Жер көлемі (га)

Газ құбыры құрылысына кіретін жер көлемі (га)

1

192940441299

"Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

КТП-Ш-11-13 толық трансформаторлық қосалқы станциясын пайдалану үшін

Уақытша өтеулі жер пайдалану

0,0016

0,0016

2

19294044446

Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар-2050" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру үшін

тұрақты жер пайдалану

0,2075

0,1481

3

192940441161

Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар-2050" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру үшін

тұрақты жер пайдалану

3,0000

0,0814

4

19294044404

Түркістан облысының білім басқармасының Отырар ауданының білім бөлімінің "Ақбол" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қолданыстағы балабақша ғимараты үшін

тұрақты жер пайдалану

2,0000

0,4917

5

19294088859

Сағымбек Қасым

Газ тарату пунктін, құрылыс материалдары мен аралас тауарлар дүкенін, көлік жуу және вулканизация нысандарын жобалау және салу үшін

ортақ бірлескен меншік

0,0400

0,0187

6

19294088997

"Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" акционерлік қоғамының "Оңтүстік жүйеаралық электр желілері" филиалы

ВЛ-35кВ электрмен жабдықтау желілері үшін

Уақытша өтеулі жер пайдалану

0,5844

0,1571

7

19294088913

Шірдебай Айдар Тілеубайұлы

жеке тұрғын үй құрылысы және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін

Уақытша өтеулі жер пайдалану

0,3658

0,0929

Сәйкестендіру құжаты рәсімделген жер пайдаланушылар жер телімдері, (га)

0,9915

Сәйкестендіру құжаты рәсімделмеген елді мекен жерінен жер көлемі, (га)

8,5253


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады