Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес Отырар ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Түркістан тоқыма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбырының желілерін орналастыру үшін осы шешімнің қосымшасына сәйкес жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелерінде 48 (қырық сегіз) жыл 11 (он бір) ай мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны ауыл округі әкімінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман жер инспекторы Т.Тастанбековке жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ауыл әкімі | Б.Төлбасы |
| Отырар ауыл округі әкімінің 20___жылғы "______"_____ №____ шешіміне қосымша |
Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауыл округі М.Шойманов ауылы аумағында орналасқан "Түркістан тоқыма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбырының желілерін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
№ қ/с | Кадастрлық нөмірі | Жердің меншік иесі немесе жер пайдаланушы | Жер телімінің мақсаты | Жерге құқық түрі | Жер көлемі (га) | Газ құбыры құрылысына кіретін жер көлемі (га) |
1 | 19294004369 | Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | №1 көше | Тұрақты жер пайдалану | 0,7000 | 0,1974 |
2 | 19294004027 | Акинбеков Кауымбай | Жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін | жеке меншік | 0,1406 | 0,0267 |
3 | 19294004184 | Дуйсебаева Тынышкул | жеке қосалқы шаруашылықты және қолданыстағы тұрғын үйді жүргізу үшін | жеке меншік | 0,2496 | 0,0170 |
Сәйкестендіру құжаты рәсімделген жер пайдаланушылар жер телімдері, (га) | 0,2411 | |||||
Сәйкестендіру құжаты рәсімделмеген елді мекен жерінен жер көлемі, (га) | 1,9222 | |||||
