Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы "Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 2/11-VІІІшешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 32/192-VIII шешiмi

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы "Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (2023 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) №2/11-VIII шешімі;

      2) Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 тамыздағы "Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы "Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" №2/11-VІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (2023 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) №5/35-VIII шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Т.Қалымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады